Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы маңындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шықты

Нұрқанат Атажан
10 Шілде 2025, 15:58
953
Бөлісу:
 Алматы облысы ТЖД
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысындағы Первомай өнеркәсіптік аймағы маңында қойма өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Іле ауданына қарасты М. Түймебаев ауылында, Первомай өндірістік аймағы аумағында, 21/3 (4,5 км) мекенжайында орналасқан қоймадан шыққан.

Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД бөлімшелері шұғыл шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ведомствода.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен өрт аумағы туралы нақты ақпарат анықталу үстінде.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өрт сөндіруге барған мамандардың техникасы істемей қалғанын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы