Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының шетіндегі егістік алқаптан 2 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен 51 жастағы ер адамның мәйіті зорлық-зомбылық белгілерімен табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Өлтірілген ер адам Алматыдағы ломбардтардың бірінде бағалаушы болып жұмыс істеген.