Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы да су құбыры жарылды. Бұл жолы төтенше жағдай Жетісу ауданында болды, деп хабарлады BaigeNews.kz.
Оқи отырыңыз:
"Алматы көшелерін тағы су басты. Апатты жағдай Жетісу ауданының Галилей көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша ыстық сумен жабдықтайтын құбыр жарылған. Қазіргі уақытта қаланың тиісті қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 14 қазан күні Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысында үлкен құбыр жарылып, апаттық жағдай орнап, салдарынан 3 автокөлік зақымдалған болатын.