Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

25 Мамыр 2023, 12:56
1444
Бөлісу:
Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды
PHOTO
Фото: автордан

Биыл еліміздегі көпірлер мен жол өтпелерін салуға арналған құрама бетонның ірі өндірушісі – «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпорын 60 жылдық мерейтойға орай БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Зауыт өкілдері өндірістегі жұмыс процестерін көрсетіп, кәсіпорынның жетістіктерін таныстырды.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Компания өкілдерінің айтуынша, алпыс жылдық жұмыс барысында «АКҚЗ» ЖШС өз сегментіндегі Қазақстанның жол саласының ірі кәсіпорны және ТМД елдеріндегі жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. 

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Зауыт жол және азаматтық құрылыс үшін 360-тан астам бұйым мен құрылым шығарады. АКҚЗ өндірістік қуаты жылына 170 000 м3-тен астам құрама бетон мен темірбетонды құрайды. Өз өнімдерін зауыт ТМД елдеріне және Қазақстан аумағында жұмыс істейтін Түркия мен Қытайдан келген компанияларға сатады. Жыл сайын кәсіпорын мемлекеттік бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам салық төлейді, 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Кәсіпорын мұнай және газ өндіру барысында өнеркәсіптік алаңдарды жайластыру, электр беру әуе желілерін және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, туннельдерді, ұшу-қону жолақтарын салуда қолданылатын темірбетон конструкцияларының көптеген түрін шығарады. Мысалы, Шымкент, Ақтөбе, Астана және Талдықорған қалаларының облыс орталықтары әуежайларының ұшу-қону жолақтары «АКҚЗ» ЖШС өндірген темірбетон плиталарын пайдалана отырып салынды. Бізде ресми тіркелген тәуелсіз зертханамыз бар. Ол жалпы зауыттың жүрегі десек болады. Көпір құрылымдары, көпірлердің өзі стратегиялық мақсаттағы объектілерге жатады. Яғни, олар өте сапалы материалдардан жасалуы қажет. Зауыт зертханасында біз өнімдеріміздің сапасын жіті қадағалаймыз және өнімдерімізге 50 жылға дейін кепілдік береміз. Зауытқа әкелінген барлық материал міндетті түрде зерттеуден өтеді. Сөйтіп дайын болған өнімге сапа паспорты беріледі, – дейді директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Сондай-ақ ол АКҚЗ-ның Батыс Сібір мұнай-газ кешені, Үлкен-Алматы каналы, «Медеу», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» сияқты жобаларға қатысты. Алматыда Үлкен айналма жол, барлық көпір мен жол айрықтарының құрылысына үлес қосқанын айтып өтті.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Айта кеткен жөн, «АКҚЗ» ЖШС халықаралық ISO 9001 – 2008, ISO 14001 – 2004, BS OHSAS 18001 -2007 менеджмент стандарттары бойынша басқару жүйесін ойлап шығарып, оны өз жұмысында енгізген. Оны ұлыбританиялық «MOODY INTERNATIONAL» компаниясы сертификаттады. АКҚЗ ноу-хауының бірі көпір салу кезінде қаражатты 15%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін 42 метрлік ТБН типті көпір арқалықтары болды. Бүгінгі таңда ұзындығы 42 метрлік арқалықтың үш түрі шығарылады, олардың екеуі ТМД-да баламасы жоқ.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Зауытта жұмыс процестерінің басым бөлігі роботтандырылған. Адамдардың өндірістегі тікелей жұмыс үлесі барынша азайтылған. Кеңестік кезеңдегі зауыттармен салыстыратын болсақ, онда 100 адам жұмыс істеп, ең көп дегенде 500 шпал шығара алатын. Біздің цехте 300 адам жұмыс істейді және барлығы 1800 шпал жасап шығарамыз. Өндірісте неміс технологиясы қолданады. Бұл цехті тура 5 жыл бұрын 2018 жылы 25 мамыр күні іске қосқан болатынбыз. Сол күннен бері бір күн де тоқтаған жоқ, – деді зауыт директоры Олександр Терещенко.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Индустрияландыру мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын жыл сайын технологиялық инновациялық жабдықтарды жаңғыртуға өз қаражатын инвестициялап отырады. Соңғы 5 жылда өндіріске салынған инвестициялар көлемі 4 млрд 3 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта зауытта жаңа инновациялық өндірістер енгізілген. Олар:

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

- Су өткізгіш құбырларды өндіру желісі (Дания);
- Арматуралық жазық және кеңістіктік рамаларды дайындау бойынша автоматты желілер (Германия);
- Шағын бұйымдарды өндіруге арналған автоматты желі (Түркия);
- Еуропалық стандарттарға сәйкес келетін және құрылыс көпірлерінің құнын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа типтегі көпір арқалықтарын шығаратын жаңа технологиялық желі;
- 2018 жылы Қарағанды қаласында АКҚЗ алғашқы мобильді зауыты іске қосылды;
- 2018 жылы теміржол инновациялық шпалдарын шығаратын зауыт ашылды.

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы