Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы «қоңыр қызыл» аймақта. Сондықтан демалыс күндері қатаң шектеу шаралары болады. Бұл туралы Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, 29 шілде күні жарық көрген жаңа қаулы тектен текке жарияланбаған. Қала «қоңыр қызыл» аймаққа өту себепті жаңа қаулыда демалыс күндері шектеу шараларын енгізу көрсетілген.
Бұл ережелер елдің бас санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында енгізілді. Қазір жағдай өте күрделі екенін көріп отырмыз. Жаңа ғана әріптесім Нариман Болтайұлы медицина қызметкерлері қандай ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Сондықтан тамыздың 2-нен 16-на дейін демалыс күндері қаладағы барлық нысандар Ashyq-пен жұмыс істеп жатқанына қарамастан жұмысын тоқтатады , - деді Бекшин.