Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан сағынтаев instagram-ғы парақшасында әйелдерді халықаралық мейрамымен құттықтады.
Алматының сүйкімді қыз-келіншектері мен оның аяулы тұрғындарын, қала қонақтарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бұл күн жақыныңды қадір тұтып, сүйіспеншілік пен мейірімге бөлеудің маңыздылығын айқындай түсетіндей, - деп жазды әкім.
Сондай-ақ , ол нәзікжандыларға бақыт пен махаббат тілейтінін де жазды.