Алматы әкімі қаланы дамыту жоспарын таныстырды

24 Тамыз 2019, 07:05
1806
Бөлісу:
Алматы әкімі қаланы дамыту жоспарын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде қала басшысы «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша мегаполисті дамыту жоспарларымен бөлісті: ауданда жаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс жасайтын жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбустар саны артады.

Қала әкімі түйткіл мәселені көтерді, автобус жүргізушілері біліктілігінің төмен екенін атап өтті.

Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселенің бірі. Оны шешу үшін биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап жастарды жаңа кәсіптерге баулу жоспарланған.

«Тұрғындардың проблемаларын біртіндеп шешетін боламыз. Күрделілігіне қарай», - деп атап өтті әкім.

Қала басшысы балалар мен жастарға қатысты объектілерді модернизациялауды ұсынды, олар: кітапханалар, спорт алаңдары әрі әр ауданда оқушылар сарайларын ашу қажет.

Кездесуге қатысқандардың басым көпшілігі жеке өздеріне әрі жалпы ауданға қатысты проблемаларды көтерді. Б. Сағынтаев оларды мұқият тыңдап, тиісті ведомстваларға тапсырма берді.

 

Өзгелердің жаңалығы