Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе

26 Наурыз 2024, 15:36
2548
Бөлісу:
Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе
Фото: Ұлттық баспасөз клубы

Архитекторлар мен қоғам белсенділері ипподромды тарихи сәулет өнері деп танып, мемлекет меншігіне өту керектігін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық баспасөз клубының алаңында айтылды. 

Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе

Өткен жылы ипподромның сүрілуіне атбегілер қарсы шықты. Кейіннен ипподром өзге адамға сатылды. Барлығы жақсы болады деген үмітіміз болған. Бүгінде жаңа иесі өзінің ойын өзгерткісі келді ме, белгісіз. Ипподромның сақталуын белсенді түрде жақтаған атбегілермен жалдау шартын ұзартпай қойды. Біз неге бұлай істегенінін түсінбей отырмыз. Біз ипподромның тағдыры әкімдердің шешімдеріне тәуелді болмауын, министрліктің қорғауында болуы үшін оны мемлекеттік меншікке қайтаруды, республикалық маңызы бар мәртебе беруді сұраймыз, – дейді "Алматыны қорғайық" ҚБ төрағасы, экобелсенді, суретші Салтанат Тәшімова.

Атбегілер мен жаттықтырушылардың сөзінше, Наурыз мерекесінде ипподромда ат ойындары болмаған. 

Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе

Бізде ипподром бар. Наурыз мерекесінде қалаға шетелдік туристер көптеп келді. Дегенмен ұлттық мерекемізде ипподромда аттың үстінде ойналатын бірде-бір ойын болған жоқ. Бұл жағдайдың бізді қынжылтқаны рас. Ипподром орналасқан Түрксіб пен Жетісу аудандарының тұрғындары да мерекелік шаралардың болмағанына наразы болды. Меніңше, біз туризмді дамытқымыз келсе, ипподромды пайдаланып, жылқыларымыздың өнерін көрсетуміз қажет. Мемлекеттік менішікке өтсе, тұрғындарымыз да, қала қонақтары да ат спорты ойындарын көретін еді, – дейді жаттықтырушы Наталья Орлова. 

Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе

Ал сәулетшілер 90 жылдық тарихы бар Алматы ипподромын бұзбай, тарихи сәулет өнерінің біріне айналдыруға болатынын атап өтті. 

Біз Алматы ипподромының бұзылып, қаланың сыртында салуына қарсымыз. Біз тарихи нысанды бұзып, оған зақым келтіреміз. 90 жылдық тарихы бар ипподромды жаңартып, оны қолданыста ұстап, туристердің сүйікті орнына айналдыруға болады, – дейді сәулетші Эмина Қазболатқызы.

Өзгелердің жаңалығы