Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы халықаралық әуежайында көлік өртенді

20 Желтоқсан 2024, 15:56
2626
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Әуежайдың Т1 терминалының тұрағында тұрған көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Алматы халықаралық әуежайында көлік өртенді

Аталған жағдайға қатысты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі пікір білдірді.

Оқиға орнына әуежайдың және Түрксіб ауданының өрт сөндіру бөлімдері жедел түрде жетіп, өртті дереу сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы