Алматыда екі күннен бері жауын-шашын толастамай тұр

<p> Сонымен қатар тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде. </p> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 7 Наурыз 2020 2020, 14:05
7 Наурыз 2020 2020, 14:05
1776

Алматы, BAQ.KZ. Таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматының таулы аудандарда 45 см-ге дейін қар түскен. Ал қалада күндізгі жылы температураға байланысты қар жамылғысының биіктігі 4 см-ден аспады.  

Алматы әкімдігінің мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне тайғаққа қарсы материалдар себілуде. Наурыздың 6-сынан 7-іне қараған түні 1220 тонна материал пайдаланылып, қарды жинау бойынша колонналар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалаумен 566 бірлік арнайы техника және 1400-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды. Аудандық және қалалық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды,-делінген хабарламада.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 7 наурыз күні қар жауу тоқтайды. Ауа температурасы -2...-7 деңгейінде болады.

Наверх