Алматы бюджетіне туризмнен 71,7 млрд теңгеден астам салық түсті

28 Мамыр 2024, 16:53
2150
Бөлісу:
Алматы бюджетіне туризмнен 71,7 млрд теңгеден астам салық түсті
PHOTO
Фото: автордан

Мегаполистің 80 мың тұрғыны туристік салаға қатысы бар немесе тікелей осы секторда жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Almaty Tourism Bureau ұйымдастырған шарада қалалық туризмді дамыту, туристік саланың қалаға әкелетін табысы баяндалды.

Алматы бюджетіне туризмнен 71,7 млрд теңгеден астам салық түсті

2023 жылы Алматыға 2 миллион турист келді, бұл – рекорд. Статистика жүргізіле бастаған уақыттан бері мұндай көрсеткіш болмаған. Қала бюджетіне қонақ үй сынды жатын орындары 74 млрд теңге, ал туристік операторлар 8,7 млрд теңге пайда әкелді. Мегаполистің 80 мың тұрғыны туристік салаға қатысы бар немесе тікелей осы секторда жұмыс істейді. Сондай-ақ Almaty Tourism Bureau қаланың басты көрікті жерлері бойынша тегін виртуалды 3D-тур әзірледі. Сапалы цифрлық көшірмелердің арқасында үйден шықпай-ақ туризм нысандарын көруге болады. Виртуалды тур Алматыны халықаралық деңгейде туристік дестинация ретінде танымал етуге бағытталған, – дейді Алматы туризм бюросының маркетинг және талдау бөлімінің басшысы Руслан Жанабаев.

Алматы бюджетіне туризмнен 71,7 млрд теңгеден астам салық түсті
Өзгелердің жаңалығы