"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

9 Сәуір 2024, 12:13
1892
Бөлісу:
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр
PHOTO
Фото: автордан "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Науқан уақытында қаладағы ең таза ауланы анықтайтын байқау жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Науқан аясында сәуір айының соңына дейін мегаполисте 6 мыңнан астам орындық пен 12 мың қоқыс жәшігі ауыстырылады.

Науқанға қала тұрғындарымен эстрада жұлдыздары да белсенді атсалысып жатыр. Акция 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында жалғасады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Құрметті достар! Бір ай бойы өзіміздің сүйікті Алматы қаласын ең таза және әдемі етіп таза ұстауға тиіспіз. Біз цирк әулетінің өкілдері ретінде тазалықты цирктен бастадық. Егер сіз қаланы өзгерткіңіз келсе, үйіңізден, кіреберісіңізден бастаңыз, содан кейін біздің қала ең әдемі болады. Біз таза қала үшін! - дейді Мұрат Мұртұрғанов.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Акция тұрғындар арасында қоғамдық жауапкершілік пен ортақ мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Туған жерге деген сүйіспеншілік табиғатты сүюден басталады. Біз ортақ үйіміздің әдемі келбетін лайықты түрде сақтау үшін қаламызға тәртіп пен тазалық мәдениетін сіңіргіміз келеді. Сүйікті қаламызда жайлы өмір сүру үшін аулаларды, көшелер мен аялдамаларды таза ұстауымыз қажет. Адамдар көп болғанымен, шаһарымыз біреу. Сондықтан айналамызға махаббатпен қарайық, – деді Алатау ауданы әкімдігінің Көріктендіру бөлімінің бас маманы Талғат Оразымбетұлы.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Акция барысында ең жақсы үй аумағын анықтау бойынша конкурс жарияланады. Қала тұрғындары ауланы абаттандыру мен көгалдандыруда өзара бәсекеге түсе алады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

Кәсіпкерлер де бұл істен шет қалмады. Кәсіпкерлер экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларымен бөлісе алады. Белгілі бір тамақтану орындарында алматылықтар мен қала қонақтары қалдықтарды тегін тамақ немесе сусынға айырбастай алады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында қала аудандарында орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырлана бастады, ал кей ауданда қоқыс жәшіктерін ішінара ауыстыру көзделген. Барлығы 6438 орындық пен 12627 қоқыс жәшігі боялып, 500-і ауыстырылады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны жалғасып жатыр
Өзгелердің жаңалығы