Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды

22 Ақпан 2019, 19:18
2149
Бөлісу:
Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

«Авто Алма Транс» ЖШС төмен еденді сыйымдылғы жоғары 20 автобус алыпты, олардың барлығы кондиционерлермен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сыныбына сай. Барлық бағыттар жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген.

2017 жылы босаған №65 бағыттағы автобустар Думан мен Қарағайлы елді мекендеріне қатынайтын №4 бағытты жаңартуға жіберіледі.

Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды

Мегаполис әкімі жеке өзі автобус жүргізушлерінен қанша жалақы алатындықтары мен жұмыс жағдайлары туралы сұрады. Аталған автопарк жүргізушілері орташа есеппен 160 мыңнан 200 мыңға дейін жалақы алады екен әрі олардың барлығы өзге өңірлерден келгендер.

«Қала қоғамдық көлік үшін едәуір көлемде субсидия бөлуде, автобус парктері жаңаруда, бірақ көп нәрсе жүргізушілерге байланысты. Адам тасымалдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мұндағылардың көпшілігі Шымкенттен келгендер. Текке бос отырмаңдар, жұмыстан қашпаңдар, біз сендерге қолдау білдіреміз», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыда көлік реформасы аясында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биылғы жылы қаланың автобус паркін жаңарту жалғасады. Бұдан өзге «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус алынады.
Өзгелердің жаңалығы