Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайындағы рейс дау туғызды: жолаушы деструктивті әрекет еткен

Нұрқанат Атажан
2 Маусым 2025, 09:33
672
Бөлісу:
 FlyArystan баспасөз қызметі
Фото: FlyArystan баспасөз қызметі

1 маусымда Алматы әуежайында Алматы-Шымкент бағытындағы FlyArystan 7107 рейсінің кешігуі жанжалмен аяқталды. Жолаушылардың бірі ұшудан бас тартып, деструктивті әрекет ете бастағаннан кейін ұшақтан кетуге мәжбүр болды. Екі сағатқа жуық кідірістің нәтижесінде барлық жолаушы сыртқа шығарылып, ұшақ қайта қауіпсіздік тексеруінен өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

FlyArystan авиакомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 7107 рейсінің кешігуі әуежайдағы трафиктің жоғары болуына байланысты болды, бұл ұшаққа қосымша жанармай құюды қажет етті. Алайда кешігуге жолаушылардың бірінің рейсті жалғастырудан бас тартып, жөнсіз қылық көрсете бастағаны басты себеп болған.

Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, жолаушылардың барлығы ұшақтан түсірілді, содан кейін әуе кемесіне толық тексеру жүргізілді. Күтіп тұрған жолаушыларға су және тамақ ваучерлері ұсынылды. FlyArystan компаниясы үшін қауіпсіздік – басты басымдық. Барлық белгіленген ережелер қатаң сақталады, - делінген ресми хабарламада.

Екі сағатқа жуық үзілістен кейін 7107 рейсі ақыры сағат 18.00 шамасында ұшты. Авиакомпания экипаж бен жердегі қызметтердің әрекеттері тек жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы