Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайындағы негізгі ұшу-қону жолағы сүріліп, орнына жаңасы салынады

Нұрқанат Атажан
5 Тамыз 2025, 13:45
666
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Алматыда әуежай тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба басталады. Ауқымды жаңғырту 2050 жылға дейін төрт кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Horizon инвестициялық жобасының бірінші кезеңі 2025 жылы басталып, 2028 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бірінші кезеңге инвестиция көлемі 362 миллион АҚШ долларына дейінгі шамамен 130 жоба жүзеге асырылады. Ал төрт кезең бойынша жалпы инвестиция көлемі 1,5–1,7 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Алматы әуежайындағы негізгі ұшу-қону жолағы сүріліп, орнына жаңасы салынады

Бірінші кезеңде келесідей жұмыстар жоспарланған:

• ұшу-қону жолағын және ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту,
• жаңа параллель рулеж жолын салу,
• мұздануға қарсы өңдеу алаңын салу,
• перрондар мен ұшақтарға арналған тұрақтарды жаңарту.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, алдағы бес жылда әуежайға 360 миллион доллардан астам инвестиция салынады. Негізгі машсат — әуежайды өңірлік авиациялық хабқа айналдыру. Жоба аясында ішкі терминал мен әуе инфрақұрылымы жаңартылады, жаңа қонақ үй, көп деңгейлі автотұрақ және басқа да нысандар салынады.

Қала тұрғындары секілді біз де әуежайдың қандай мәселелерге тап болып отырғанын көріп отырмыз. Әуежай басшылығымен нысанды ретке келтіру, қолжетімді әрі заманауи ету туралы келісімге келдік, – деді Смағұлов.

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Косе ішкі рейстер терминалы жаңартуды ең көп қажет ететінін атап өтті.

Алматы әуежайындағы негізгі ұшу-қону жолағы сүріліп, орнына жаңасы салынады

Багажды өңдеу жүйесін үш есеге арттырамыз. Ол заманауи сұрыптау құрылғыларымен және жарылғыш заттарды анықтайтын жаңа жүйелермен жабдықталады. Жалпы, бүкіл инфрақұрылымды жақсартуды жоспарлап отырмыз. Терминалды толық жаңартып, оны жайлы, қауіпсіз әрі экологиялық таза етеміз, – деді әуежай басшысы.

Гөкер Косенің айтуынша, әуежайдағы сауда орындарының басым бөлігі рұқсатсыз жалға алушыларға тиесілі. Оларды құқық қорғау органдарының көмегімен шығару жоспарланып отыр. Олардың орнына заманауи және сапалы мекемелер ашылады. Әуе айлағы маңында заманауи қонақүй де салынбақ.

Сонымен қатар әуежай президенті әуежай маңында тұратын тұрғындардың жайын назарда ұстайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін 100 үйге, ал келесі жылдары тағы 300 үйге ұшақтардың шуынан қорғайтын дыбыс оқшаулағыш жүйе орнатылады.

Алматы әуежайындағы негізгі ұшу-қону жолағы сүріліп, орнына жаңасы салынады

Жоба тек әуежайдың меншікті қаражаты, банктік несиелер және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік кепілдіктер мен бюджеттен бірлесіп қаржыландыру көзделмеген.

Жақын арада әуежайда ішкі рейстер терминалы толықтай қайта жаңғыртылады (2025 жылдың күзіне дейін), ұзындығы 4400 метр болатын жаңа рулеж жолы және алты жылдам шығу жолы салынады, бұл ұшақтардың тұрақтарға жылжуын жеделдетеді, – деді Гөкер Косе.

Әуежай приезидентінің айтуынша, 2050 жылға қарай Алматы халықаралық әуежайы келесідей көрсеткіштерге қол жеткізеді:

* Жолаушылар ағынын жылына 40 миллион адамға дейін жеткізу;
* 150-ге дейін әуе кемесіне арналған тұрақ орындары;
* Үш ұшу-қону жолағы және дамыған рульдеу жолдары;
* Логистикалық орталық, аэроғарыш аймағы, өндірістік қуаттар мен арнайы экономикалық аймақ.

Салтанатты шараның соңында маңызды символдық оқиға орын алды, әуежай аумағында құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды.

Өзгелердің жаңалығы