Алматы әуежайында жолаушыларға алма ұсынылады

Кеше, 15:00
170
Бөлісу:
Алматы әуежайында жолаушыларға алма ұсынылады
Фото: @almaty_akimat

Қала күніне орай Алматы әуежайында жолаушыларға алма ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14-15 қыркүйекте Алматыда Қала күні мерекесі аясында халықаралық әуежайда «Алматы символы – сыйлыққа» акциясы өтеді. Туризм басқармасы әуежаймен және шекаралық бақылау басқармасымен бірлесіп, жолаушыларға Алматының жылуы мен қонақжайлығын білдіретін «апорт» сұрыпты алма ұсынылады.

Акция аясында 10 мың жолаушы мен 50-ден астам рейс қамтылады. Бұл іс-шара туристер үшін ерекше атмосфера қалыптастыруға, олардың келу сәтінен бастап қаламыздың бірегейлігін көрсетуге көмектеседі.

Айтпақшы, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда туристер саны 4,6% өсіп, 473,3 мың адамнан асты. Бұл қалаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді!

Өзгелердің жаңалығы