Алматы әуежайында FlyArystan-ға тиесілі ұшақтан өрт шықты

Компанияның мәліметінше, техникалық жұмыстар барысында ұшақта жергілікті өрт шығу оқиғасы тіркелген.

28 Тамыз 2026, 14:16
АВТОР
 видео кадры 28 Тамыз 2026, 14:16
28 Тамыз 2026, 14:16
103
Фото: видео кадры

Алматы қаласының халықаралық әуежайында FlyArystan-ға тиесілі ұшақтан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Air Astana тобы 28 тамыз күні Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде өндірістік оқиға болғанын растады. 

Компанияның мәліметінше, техникалық жұмыстар барысында ұшақтан өрт шыққан.

Жұмыстарды орындау кезінде шағын көлемдегі өрт шықты. Оны әуежайдың жедел қызметтері жедел түрде толықтай сөндірді. Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды, – деп мәлімдеді компания.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.

Қазіргі уақытта ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Air Astana тобы мен Алматы халықаралық әуежайы болған өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Наверх