Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында оқыс оқиға болды. Тіркеп сүйреу кезінде Airbus А320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі екен.
Бұл туралы Tengrinews.kz Kozachkov_offside Telegram-каналына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні әуе кемесін тіркеп сүйреу кезінде болған. Оқыс оқиға кезінде борт ішінде жолаушылардың болмағаны анықталды.
Ангардың техникалық тұрағы маңында техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйремек болған кезде А320 ұшағы шарклетімен Boeing 767 ұшағының стабилизаторын жанап өтті. Екі борт та Air Astana әуе компаниясына тиесілі. Қазір екі ұшақта да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тергеу амалдары да басталды, - делінген хабарламада.