Алматы әуежайында 750 жолаушы өз рейстерін күтіп отыр

17 Ақпан 2024, 00:30
515
Бөлісу:
Алматы әуежайында 750 жолаушы өз рейстерін күтіп отыр
Фото: Мәди Искаков -архив

Алматы әуежайында 750 жолаушы өз рейстерін күтіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

16 ақпанда Алматы әуежайында барлығы 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді. Қазіргі сәтте 750 жолаушы өздерінің ұшу сәттерін күтіп, әуежайдың терминалында отыр, - делінген комитеттің хабарламасында.

Сондай-ақ жолаушыларға барлық қажетті ақпараттың ұсынылып отырғанын жеткізді.

Әуежай басшылығы жұмылып жұмыс істеуде, әуе компаниясының өкілдері жұмыс орындарында және жолаушыларға барлық қажетті ақпаратты ұсынуда. Рейстердің кешігуі жолаушылар үшін ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету себепті орын алғанын атап өткіміз келеді. Өйткені Азаматтық авиация жолаушылардың қауіпсіздігіне басымдық береді, - деді Азаматтық авиация комитеті.

Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің әрі қарай кідіруіне әкелуі мүмкін. Соған байланысты жолаушыларға өз рейсінің ұшу мәртебесі мен уақытын әуе компаниясы мен әуежайдың анықтама қызметінен ертерек нақтылап алуға кеңес беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін жүздеген жолаушы рейстің кешігуіне байланысты Алматы әуежайында күтуге мәжбүр екендігін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы