Алматы әуежайында 100 млн теңгенің контрабандалық тауарлары анықталды

1 Қараша 2024, 11:09
209
Бөлісу:
Алматы әуежайында 100 млн теңгенің контрабандалық тауарлары анықталды
VIDEO
Фото: скрин

Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.

Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңге болатын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді. Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, - делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы