Алматы-Атырау бағытындағы ұшақта ер адам өлім аузынан қалды

21 Тамыз 2024, 14:25
951
Бөлісу:
Алматы-Атырау бағытындағы ұшақта ер адам өлім аузынан қалды
Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

Жолаушылардың бірі жедел миокард инфарктын алған. Ұшақ қонғаннан соң ер адамға  шұғыл ота жасалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Науқас №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланды, кардиогендік шок орын алып, қан қысымы төмендеді, қатты ентігу, ауырсыну байқалды. Оған шұғыл жасалған коронарлық ангиографияда үш тамырдың зақымданғаны анықталды. Жүрек қанмен үш негізгі артерия арқылы қамтамасыз етіледі. Екі коронарлық артерия, оң жақ коронарлық артерия және орай жанаспа артерия толығымен жабылған. Алдыңғы қарынша аралық артерияның тарылуы 96% болды. Былайша айтқанда, жүректің қанмен қамтамасыз етілуі 4% ғана болды, - деді дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімінің меңгерушісі Асқар Нарынбаев.

Алматы-Атырау бағытындағы ұшақта ер адам өлім аузынан қалды

Мұндай жағдайда ашық аорта-коронарлық шунттау отасын жасау қажет. 

Сондықтан науқасты көпбейінді тексеруді, Алматы Қалалық кардиологиялық орталық мамандарымен кеңейтілген консилиум ұйымдастырдық. Науқасты ашық ота жасау үшін басқа ауруханаға ауыстыру керек деп шешілді. Бірақ 1-1,5 сағат ішінде науқаста айқын жүрек жеткіліксіздігі пайда болып, оны басқа ауруханаға жеткізу үлкен қауіп туғызды. Алдыңғы қарынша аралық артерияға стент қоюдан басқа амал болмады. Стенттеу сәтті орындалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, үш күн жансақтау бөлімінде жатты, - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімінің меңгерушісі Асқар Нарынбаев.

Өзгелердің жаңалығы