Астана, BAQ.KZ. Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу орталығы әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат және ең арзан қалалардың тізімін жариялады. Тізімге барлығы 133 қала енген.
Оқи отырыңыз:
Рейтинг түзгенде бір бөлке нан, бір бөтелке сыра құны, ер адамның екі костюмінің құны және шаштараз ақысы сынды 160-қа жуық қызмет пен тауар бағасы есепке алынған.
EIU рейтингінде Қазақстанның Алматы қаласы әлемдегі арзан бес қаланың қатарына енген:
- Дели (Үндістан) - 43 ұпай
- Ченнаи (Үндістан) - 41
- Буэнес-Айрес (Аргентина) - 41
- Лагос (Нигерия) - 40
- Карачи (Пәкістан) - 40
- Бангалор (Үндістан) - 39
- Алматы (Қазақстан) - 35
- Ташкент (Өзбекстан) - 33
- Дамаск (Сирия) - 25
- Каракас (Венесуэла) - 13
Париж, Сингапур, Гонконг әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін бастап тұр - 107 ұпай. Қымбат қалалар ондығы:
- Сингапур (Сингапур) - 107
- Париж (Франция) - 107
- Гонконг (Қытай) - 107
- Цюрих (Швейцария) - 106
- Женева (Швейцария) - 101
- Осака (Жапония) - 101
- Сеул (Оңтүстік Корея) - 100
- Копенгаген (Дания) - 100
- Нью-Йорк (АҚШ) - 100
- Тель-Авив (Израиль) - 99
- Лос-Анджелес (АҚШ) - 99
Economist Intelligence Unit құжатындағы "экономикалық және саяси жағдайларға байланысты арзан қалалардың саны артып келеді" деп жазған.