Әр жылы өтетін сұлулық пен талант байқауы мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен және көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде "Алматы аруы-2023" атағы Наталья Петриге бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазылар алқасының мүшесі, байқаудың былтырғы финалисі Томирис Заир "Алматы аруы-2023" – Наталья Петриді салтанатты түрде құттықтап, өкілетін тапсырды.
Көрермендер мен қазылар алқасының қошеметіне ие болған жеңімпазға бұл атақтың басты символы – тәж бен бағалы сыйлықтар табысталды.
Үш үміткер – Мадина Әлмұханова (I Vice Miss Almaty), Айша Найрамбет, Аяна Нұрқасымова вице-мисс құрметті атағын алды. Zakon.kz сайты оқырмандарының пікірінше, People Choice номинациясында Мәдина Әлмұханова жеңімпаз атанды.
Арнайы тоғыз номинация бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
- Etno Divа – Айлин Хамидова;
- Lady Congeniality – Айша Найрамбет;
- Media Person – Аружан Мәмбетәлі;
- Fashion Model – Аяна Нұрқасымова;
- Sport Diva – Виктория Титова;
- Fashion Style – Мадина Әлмұханова;
- Qazaq Aruy – Назерке Әлімбекова;
- Ayauly Aru – Наталья Петри;
- Talent Performance – Сая Тұрсынбекова.