Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енді

Бүгiн, 15:15
207
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласы туристер үшін әлемдегі үздік жиырма бес бағыттың ішіне кірді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

CNN travel нұсқасы бойынша Алматы қаласы 2025 жылы әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енді.

Осы жылы 9 айдың ішінде қалаға 1,9 млн турист келген.Оның ішінде 563 мың адам сырттан келген қонақтар,-деді әкім.

Оның сөзінше, 2025 жылы көрсетілген қызмет көлемі 82,4 млрд теңгені құрап, ол өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға өсім болғанын көрсетеді. Ал негізгі капиталға инвестиция – 171,6 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, Алматы тау кластерінің орташа тәуліктік келушілер саны оның өткізу қабілетінен едәуір асып түсуде. Бұл жағдай автомобиль жолдары мен аспалы жолдардың шамадан тыс жүктелуіне, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және демалушылардың қауіпсіздігіне төнетін тәуекелдердің артуына алып келеді. Сондықтан мегаполисті туризмді дамыту үшін бірнеше шараларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.

Осы мәселелерді шешу және халықаралық деңгейдегі заманауи жыл бойы жұмыс істейтін туристік орталық құру мақсатында Алматы тау кластерін дамыту жобасы іске асырылуда. Жоба «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттарын аспалы жолдар желісі арқылы біріктіруді көздейді,-дейді ол.

Әкім сөзінше, шетелдік туристер ағынын 1 млн адамға дейін ұлғайту күтілуде. Қаланың экономикасына жыл сайынғы үлесі 300 млрд теңге көлемінде бағаланады.

Сондай-ақ бүгінде Алматы халықаралық әуежайын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр. Ол 362 млн АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияларды тартылған.

Әкім сөзінше, реконструкциялау аяқталған соң, жаңа әуежайдың өткізу қабілеті 19 млн жолаушыға дейін артады деп күтілуде. Бұл 2025 жылы 14 млн жолаушыны қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы