Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде өзіне сыйлық берген жігіттен кешірім сұрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Өткен аптада қала әкімінің халықпен кездесуінде Алматы тұрғыны Досаевқа картина сыйлаған болатын. Ерболат Досаев бүгін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде картина сыйлағын жігітті танып, одан әлеуметтік желідегі хейт үшін кешірім сұрады.
Сіз мен үшін хейттің астында қалдыңыз. Сол үшін ренжімеңіз. Кейде шын көңілмен жасалған дүниелер, дұрыс қабылданбай жатады. Маған осы жағдайға байланысты қандай реакция болғанын айтып берді. Маған сыйлығыңыз ұнады, бірақ сізге келген сөз үшін кешірім сұраймын, - деді Алматы қаласының әкімі.