Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11.40-тан бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мектеп мен балабақша ашық, жиналу пункттері жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған. Сенімсіз ақпаратты таратпауды және сенбеуді сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, - делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ екен.