Алматы әкімі арасы ажыраған көпірлер қалай жөнделіп жатқанын айтты

18 Қаңтар 2024, 11:47
5330
Бөлісу:
Алматы әкімі арасы ажыраған көпірлер қалай жөнделіп жатқанын айтты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Түрксіб ауданының тұрғыны арасы ажыраған көпірлерді жөндеу жайлы сұрақ қойды.

Рысқұлов даңғылында бірнеше көпір бар және олардың деформациялық тігістері арасында ажырап тұрады, яғни көпір арасы ажырайды. Бұл мәселені толық шешу мүмкін емес пе?, – деді тұрғын.

Сұраққа Алматы қаласының мобильділік басқарма басшысы Сағындық Телібаев жауап берді.

 Рысқұлов даңғылында тігістерін жөндеуді қажет ететін бір көпір қалды. Оған биыл қаражат қарастырылған. Өздеріңіз білетіндей, қыста бетон конструкциялары қысқарады, нәтижесінде деформациялық тігіс кеңейеді, ал жазда керісінше процесс жүреді. Сондықтан резеңке тігіс толтырғыштары жыртылады. Өткен жылы алты көпір құрылымына біз неміс өндірісінің толтырғыштарын орнаттық, – деді ол.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтылған жауапты толықтырып өтті.

Көпір құрылымдары қозғалады, сондықтан біз оңтайлы шешім іздейміз. Біз әртүрлі технологияларды қарастырамыз, енді неміс өнімдерінің өзін қалай ұстайтынын көреміз, – деді қала басшысы.

Өзгелердің жаңалығы