Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев вакциналаудың коронавирус инфекциясымен күресте маңызды екенін атап өтті және алматылықтарды бұл мәселеде белсенділікті төмендетпеуге шақырды.
Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың вакциналаудың алғашқы күндері белсенділік танытқандарын атап өтті. Қала әкімі вакциналауды кейінге қалдырмауға, вакцинаны ыңғайлы екпе пункттерінде алуға шақырды.
Мегаполис әкімінің айтуынша, қоғамдық береке және қала өмірінің бұрынғы қалпына қайта оралуы әрқайсымызға тікелей байланысты. Оның үстіне, Сағынтаев көп нәрсенің бизнес өкілдеріне қатысты екенін атап өтті.
Олар ұжым мүшелерін екпеден өткізу арқылы клиенттері алдында жауапкершіліктерін көрсете алады. Келушілердің денсаулығына деген шынайы қамқорлық осыдан көрінеді. Бұл әсіресе қоғамдық тамақтану орындарына, қызмет көрсету салаларына тікелей қатысты, - деді ол.Алматыда қалалықтарды жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды.
Бүгінде 211 екпе пункті бар, онда 1809 қызметкері бар медиктердің 402 екпе бригадасы, 40 жылжымалы мобильді бригада жұмыс істейді.
Жалпы вакциналау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында вакцина салу үшін 250 екпе пунктін ашу жоспарланған.
Өткен тәуліктерде КВИ-ге қарсы вакцинаны 6037 адам алды. Жалпы ағымдағы жылы 1 ақпан мен 4 мамыр аралығында 232 295 адамға екпе салынды. Оның ішінде 25 сәуірден бастап QazVас вакцинасын 2723 адам алды. ІІ компонентті «Спутник V» екпесін 87 214 адам қабылдады. Сонымен қатар Hayat-Vax препаратымен вакциналау басталды.