Алматы әкімдігі қала тұрғындарын кезекті заңсыз тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан сақтандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әкімдік мәліметінше, жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ.
Интернет ресурстар мониторингінің нәтижесі бойынша, қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады.
Жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналаспақ, ол премиум санатқа жатады.
Бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ. Естеріңізге сала кетейік, егер сіз жылжымайтын мүлікті заңсыз нысаннан сатып алсаңыз, құрылыс салушы тарапынан қаражатты ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізуді ұсынамыз, – делінген хабарламада.