Алматы әкімдігі арасы ажыраған көпірге қатысты түсініктеме берді

15 Қаңтар 2024, 11:01
1998
Бөлісу:
Алматы әкімдігі арасы ажыраған көпірге қатысты түсініктеме берді
Фото: Ashybulak.information

Алматы қаласының әкімдігі Райымбек даңғылының бойындағы көпірде деформациялық тігістің пайда болғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, Әшімов көшесінің батысындағы Райымбек даңғылындағы сол жақ бұрылыс эстакадасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2014-2015 жылдары жүргізілді.

«Қазақ Промтранспроект» ЖШС мамандарымен бірлесіп визуалды тексеру кезінде ауа райының әсерінен деформациялық тігістің ұлғаюы анықталды. Бұл көпір конструкцияларының аралық құрылыстары үшін қалыпты пайдалану тәртібі болып табылады. Қыс мезгілінде бетон конструкциялары қысқарады, сәйкесінше, деформациялық тігіс жазда керісінше кеңейеді. Сонымен қатар деформациялық тігістің құрылымындағы ақаулар бұрын анықталған, атап айтқанда толтырғыш пен резеңке компенсатордың экструзиясы пайда болған. Осыған байланысты 2024 жылға осы эстакада бойынша деформациялық тігістерді жөндеу жоспарланған, – дейді Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні эстакада бойынша қозғалысты шектеуге ешқандай себеп анықталған жоқ. Мамандар тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. 

Жүргізушілерге эстакадада белгіленген жылдамдықты – 40 км/сағ ұстануға кеңес берілді. Қосымша ақпарат сарапшылардың қорытындысынан кейін беріледі.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматы қаласы бойынша 6 көпірдегі деформациялық тігістер жөнделді. Бұған дейін біз Алматыда көпірдің екіге бөлініп кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы