Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан полицейлері өзгенің жылқыларын қарумен атты деген күдікпен ер азаматты ұстады.
Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз азаматтың өзіне тиесілі 3 бас жылқысына ауыр жарақат келтіргенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 2 млн теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осыдан соң полицейлер бірден оқиға орнына шығып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Түлкібас АПБ полицейлері 3 бас жылқыны жарақаттады деген күдікпен ер азаматты ұстады. Одан аңшы мылтығын тәркілеп алды. Ер азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің жылқылары күдікті азаматтың алма бағына кіріп кетіп, едәуір шығын келтірген.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға төрт түлікке ие болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.