“Алладан сұраңыз” - вице-премьер су тасқыны туралы сұраққа жауап берді

25 Маусым 2024, 12:52
1195
Бөлісу:
“Алладан сұраңыз” - вице-премьер су тасқыны туралы сұраққа жауап берді
Фото: BAQ.KZ -архив

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Келесі жылы алапат су тасқыны болуы мүмкін бе?» деген журналистер тарапынан қойылған сауалға «Оны Алладан сұраңыз!» деп жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Үкіметте өткен брифингте БАҚ өкілі Бозымбаевтан “Келесі жылы су тасқыны болмай ма? Салдарынан қазақстандықтар тағы үйінінен айырылып қалмай ма? Сіз бұл мәселені шеше аласыз ба? Шеше алмасаңыз, “мен мұны шеше алмадым” деп отставкаға кетесіз бе?” деп сұрақ қойды.

Біріншіден, менің біраз жылдық тәжірибем бар. Сондықтан отставкаға кетуге дайынмын. Нүкте! Қазіргі таңда біз атсалысып, баспанасыз қалған адамдарды үйлермен қамтамасыз етеміз деп бар күш-жігерімізді соған жұмсап жатырмыз. Екіншіден, апатты алдын ала болжайтын жүйені жасауға назар аударып жатырмыз. Екі мәселені биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, бәрін жасасақ, су тасқыны бол,ан жағдайда, келген шығын төмендеу болады, – деді вице-премьер.

Сондай-ақ Бозымбаев журналистің “Келесі жылы елімізде осындай алапат су тасқыны болмай ма?” деген сауалына жауап берді.

Оны кім айтады? Алладан сұраңыз... Су тасқыны бола ма, болмай ма? Оны Алладан сұраңыздар, – деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы