Алкогольсіз сусындарға акциз енгізу проблеманы шешпейді

25 Мамыр 2021, 12:10
2075
Бөлісу:
Алкогольсіз сусындарға акциз енгізу проблеманы шешпейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілері» қауымдастығының басшысы Әлия Мамытбаева онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, елімізде биылдан бастап лимонад және басқа да алкогольсіз сусындарға 7% акциз енгізілмек, ал 2025 жылы оның мөлшері 45%-ке дейін өспек. Өндірушілер сусындарды алкогольді өніммен теңестіру дұрыс емес деген ойларын білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қанты бар өнімдер адам денсаулығына зиян деген желеумен акциз енгізіп жатыр. Мұндай қадам проблеманы шешпейді, одан еліміздегі шағын және орта бизнес жапа шегеді. Алкогольсіз өнім өндірудің құлауы 15 мыңдай адамның жұмыссыз қалуына әкеледі,-дейді ол.

Сонымен қатар ол алкогольсіз сусындарды өндіруге қазір акциз енгізуге ешқандай негіз жоқ деген ойын білдірді.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда жылына орта есеппен бір адам 36-42,9 литр алкогольсіз өнімді тұтынады екен, оның ішінде құрамында қанты бар сусын көп мөлшерде емес. Бұл әлемдік көрсеткіштен анағұрлым төмен. Сондай-ақ елімізде семіздікке әкеліп жатқан басты мәселе ол тұз бен ұннан жасалған тағамдар және адамндардың көп қозғалмауы айтылады. Олай болса бұл өнімге де акциз енгізу керек болады ғой, бірақ бұл проблеманы шешпейді. Ол үшін халық арасында дұрыс тамақтану және зиянды заттар жөнінде көп ақпарат беру керек. Ақпаратқа қаныққан адам денсаулығына зиянды заттардан өзі-ақ арыла бастайды,-дейді Мамытбаева.
Өзгелердің жаңалығы