Алкоголь өнімі тек есепке алу-бақылау қағаз маркаларымен таңбаланатын болады

20 Қазан 2021, 10:04
2763
Бөлісу:
Алкоголь өнімі тек есепке алу-бақылау қағаз маркаларымен таңбаланатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңбаланған темекі өнімдерін бөлшек саудаға салатын дүкендер үшін жұмыс жеңілдетіледі. Жаңа қағидалар жобасы ашық талқылау үшін орналастырылған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

16 қыркүйекте тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті, оның барысында алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау пилоттық жобасы бойынша мәселелер қаралды.

Нәтижесінде, бөлшек сауда сатушылары үшін таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасаудың бизнес-процестерін жеңілдету туралы шешім қабылданды. 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасау бөлігінде бөлшек сауда сатушылары үшін бизнес-процестерді жеңілдету бөлігінде Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрықтың жобасы әзірленді, - делінген хабарламада.
Бұйрық жобасымен «Ашық НҚА» интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сондай-ақ алкоголь өнімін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты аяқтау және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте бақылау салықтық және азаматтық бақылау жолымен жүзеге асырылады.



Өзгелердің жаңалығы