Әлинұр Хамзин Витебскідегі «Славян базарында» екінші орын алды

17 Шілде 2022, 01:26
1544
Бөлісу:
Әлинұр Хамзин Витебскідегі «Славян базарында» екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас талант «Қазағым-ай» әнін орындады. Бірінші орынды Ресей өкілі алса, үшінші орынды Болгария мен Мексиканың жас әншілері бөлісті. Ал Беларусь Грант-при иегері атанды. Бұл туралы sputnik.kz жазды.

Еске салсақ, Әлинұр Хамзин 2021 жылы «Балалар Евровидениесіне» қатысып, жерлесі Бекнұр Жәнібекұлы екеуі сегізінші орыннан көрінген болатын.

Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі – Беларусь республикасындағы елдер мен континенттерді біріктіретін ең ірі мәдени форум. Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілдері қатысты.

Қазақстандық орындаушылар 20 жыл бойы жыл сайын фестивальдің ересектер мен балалар байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, 2015 жылы – Димаш Құдайберген, 2019 жылы – Әділхан Макин, 2021 жылы Рухия Байдүкенова Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Садырбаев (Аmre) жүлдегер атанды.

Өзгелердің жаңалығы