Баварияда 28 жастағы ер адамға қатысты сот басталды. Ол үш жасар қызын алимент төлемеу үшін қауіпті затпен уландыруға әрекет жасаған деп айыпталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.
Ауғанстан азаматы Элиас қыздың аузына алюминий фосфиді бар мөрленген пакетті салған. Бұл – егеуқұйрыққа арналған у. Қыз затты жұтып қойғаннан кейін ауырған, алайда анасы дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер баланы құтқарып қалды.
Айыптаушы тарап ер адам қылмысты алдын ала жоспарлаған деп санайды. Ол бірнеше апта бойы интернеттен уланудың адам ағзасына әсерін зерттеген. Сотталушы өзінің кінәсін жоққа шығарып отыр.