Алименттен жалтарып, шетел асқандардың балаларының алдында 47 млн теңге берешегі бар. Бұл туралы Әділет вице-министрі Даниель Ваисов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер Сенатта өткен брифингте вице-министрден Қазақстандағы балаларға шетелде жүрген алимент төлеушілер қанша қарыз екенін нақты сома белгісіз екендігі туралы ақпаратты алға тартып, «расында бұл сома белгісіз бе?» деп сұрады.
Бүгінгі таңда бізде 106 атқарушылық іс жүргізу бар екенін айта аламын, ал қарыз көлемі шамамен 47 миллион теңгені құрайды. Толығырақ айтсақ, Ресей Федерациясынан 32 миллион теңге сомасына 73 атқарушылық құжат келіп түсті, Өзбекстан Республикасынан 1,9 миллион теңгеге 24 атқарушылық құжат бар. Сонымен қатар Украинадан екі атқарушылық құжат, Әзербайжан Республикасынан, Беларусь Республикасынан және Қырғыз Республикасынан бір-бірден құжат бар. Қалған сома осы құжаттардан құралған, - деп жауап берді Әділет вице-министрі.
Белгілі болғандай, бұдан бөлек, 2025 жылы министрлікке шетел соттарының шешімдерін тану және орындау туралы 12 өтініш келіп түскені аталып өтті.
Қазіргі уақытта олар Жоғарғы сотқа жолданып, қаралу үстінде.
Еске салайық, бүгін Сенатта алимент өндіруге қатысты маңызды құжат қабылданды.