Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алимент төлемеген әке 6 айға бас бостандығынан айырылды

26 Мамыр 2025, 18:28
666
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алимент өндіру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратураның үйлестіруімен алиментті қасақана төлемеген азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қарызы 7 миллион теңгеден асты.

Сот отырысы ашық түрде өтіп, көрсетілімдік сипатта болды. Процеске алиментті қасақана төлемеген бірқатар тұлғалар арнайы шақыртылып, өз міндеттерінен жалтарудың салдарын көзбен көрді.

Сот үкімімен айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы