ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов үкімет деңгейіндегі бірқатар ірі іс-шараға қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланатын болады.
ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде кең ауқымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда. Оның ішінде геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, өнеркәсіптің түрлі салаларында кооперациялық жобаларды іске асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен қадамдар қаралады.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.