Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Үкіметінің мүшелері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы және экологиялық айлық аясында аумақты тазалау және жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысты, - делінген хабарлада.