Әлихан Смайылов: Хэллоуин - халқымыздың дәстүріне жат

10 Қараша 2022, 13:52
1026
Бөлісу:
Әлихан Смайылов: Хэллоуин - халқымыздың дәстүріне жат

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тілшілер Премьер-министрден Хэллоуин мерекесін тойлауға қалай қарайтындығы туралы пікірін сұраған болатын. 

Мен Хэллоуин біздің халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне сай келмейді деп есептеймін. Мәселе мерекеде емес, мәселе жастарға қандай тәрбие береміз деген сұрақта. Менің ойымша, рухани құндылықтарды, ұлттық тәрбиемізді жастардың бойына сіңіруіміз керек. Ол үшін жұмыс отбасында, мектепте, қоғамда жүргізілуі тиіс. Сондықтан өз басым бұл мерекені қолдамаймын. Халқымыздың дәстүріне жат, - деп атап өтті Премьер-министр Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, 29 қазан күні Сеул қаласында Хэллоуинді тойлау кезінде адамдар бір-бірін таптап кетіп, салдарынан 150-ден астам адам мерт болған еді. Қаза тапқандардың арасында отандасымыз бар. Жергілікті басылымдар қаладағы тар көшеде орналасқан алаңға 100 мыңнан артық адам жиналғанын жазды. 

Мерекеге жиналғандардың басым көпшілігі – 10 мен 30 жас аралығындағы жастар болған.  Ал ел президенті Юн Сок Ёль оқиғаға байланысты шұғыл мәлімдеме жасап, қайғылы жағдай ешқашан болмауы керектігін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы