Әлихан Смайылов биыл Үкімет атқаратын жұмыстарды атады

8 Ақпан 2022, 11:53
982
Бөлісу:
Әлихан Смайылов биыл Үкімет атқаратын жұмыстарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Біз биыл ең кемі 4% экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз керек. Негізгі капиталға салынатын  инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 18,5% деңгейіне жеткізуіміз қажет, - деді ол.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, шағын және орта бизнестің үлесін  ЖІӨ-де 31,3%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Іске асырылып жатқан шаралар нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі 26 млрд доллардан астам құрайды. Халықтың табысын арттыру бойынша  кешенді шаралар  нақты жалақының өсімін 106,3% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспайды, - деп түсіндірді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Ол Үкімет тұрақты экономикалық ортаны қамтамасыз ету және Қазақстан халқының өмір сапасын жақсарту үшін Мемлекет басшысы айқындап берген барлық тапсырманың тиімді әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы