Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына көңіл айтты

20 Мамыр 2022, 13:18
1243
Бөлісу:
Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігіне барып, шейх Халифа бен Заид ӘлНахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

БАӘ елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесу барысында Үкімет басшысы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы достық қатынастарды дамытудағы баға жетпес үлесі мен ерекше рөлін атап өтті.

Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян көреген әрі дана саясаткер ретінде ғибаратты ғұмырын Біріккен Араб Әмірліктерінің көркейіп кемелденуіне, халқына риясыз қызмет етуге арнады. Оның билігі тұсында ел көптеген салаларда өркендеп, дами бастады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жеке өз атымнан шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына, Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметіне және халқына аса ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, — деді Әлихан Смайылов.

Елшілікте  Премьер-министр көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы