Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді 

20 Қыркүйек 2022, 13:48
928
Бөлісу:
Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді 

Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың «Әл-Иттихад» газетінде сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

ҚР Премьер-Министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың өсу қарқыны туралы айтты. 

«Экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға екі елдің іскер топтарын ынталандыруға ниеттіміз», – деді ол. 

Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді 

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстанның ұлтаралық келісімді нығайту және COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарымен күрес жөніндегі қадамдары туралы айтып берді. 

Анықтама: «Әл-Иттихад» - БАӘ-де араб тілінде күн сайын шығатын басылым. Таралымы 100 000 данадан асады. Алғашқы саны 1969 жылы шыққан, ал 1972 жылдан бастап күн сайын жарық көреді.
 

Өзгелердің жаңалығы