Әлиев пен Ердоған Қарабақтағы әуежайды ашты

26 Қазан 2021, 18:33
3001
Бөлісу:
Әлиев пен Ердоған Қарабақтағы әуежайды ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Қарабақтың Физули қаласындағы халықаралық әуежайды ашты.

Түрік көшбасшысының ұшағы 26 қазанда Физулиге қонды. Оны Әзербайжан Президенті қарсы алды. Әлиев Ердоғанға ​​түріктер қатысқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

Әуежай іргетасы 2021 жылдың 14 қаңтарында қаланған. Әуежай ресми ашылуына сегіз ай қалғанда рейстерді қабылдай бастады. Алғашқы рейсі 22 тамызда жасалды. Ұшу алаңының ұзындығы 3000 метр, ені - 60 метр. Терминал сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алады.

Физули қаласы аймақтағы соңғы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжанның бақылауына өтті. Мойындалмаған ТҚР құрамында Варанда деп аталды. Өткен жылы әскери қақтығыстың кезекті раунды Әзербайжан үшін тиімді келісімнің жасалуымен аяқталды. Олар Келбажар, Лачин және Агдам облыстарын қайтарып алды. Аймақта ресейлік бітімгершілік күштері орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы