Отандық 50 кәсіпорын "Alibaba" халықаралық платформасына шығарылады

23 Желтоқсан 2019, 13:50
5462
Бөлісу:
Отандық 50 кәсіпорын "Alibaba" халықаралық платформасына шығарылады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылы отандық 50 кәсіпорын "Алтын өнім беруші" мәртебесімен "Alibaba" халықаралық платформасына шығарылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына арналған баспасөз конференциясында белгілі болды. 

Бақыт Сұлтанов экспортты ілгерілету шегінде онлайн-сауданы дамыту - министрлік үшін басым міндет деп отыр.
 

Wildberries платформасында экономиканың әртүрлі салаларының 16 компаниясы тіркелген және 590 қазақстандық тауар ұсынылды. Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында компаниялардың логистикалық орталықтарын салу мүмкіндігі туралы Wildberriesпен келіссөздер жүргізілуде. Олардың болуы көлік шығыстарын қысқартады және қазақстандық тауарды Ресейге, Белоруссияға, Қырғызстанға, Арменияға, Өзбекстанға, Еуразиялық Одаққа өткізу арналарын кеңейтеді, - деді министр.  


Спикердің айтуынша, елімізде "Интернет-экспорттаушы мектебі" бағдарламасы іске қосылған.
 

2020 жылдың басына қарай 50 кәсіпорын "Алтын өнім беруші" мәртебесімен "Alibaba" халықаралық платформасына шығарылады. Ал 6 компания "Ebay" мен "Etsy"-де таныстырылды. Одан әрі «Alibaba» алаңында қазақстандық павильон құру жоспарланып отыр, - деп айтты Сауда министрі. 


Сонымен қатар, министрлік  экспорт үшін 5 басым елді анықтады. Олар –  ҚХР, БАӘ, Түркия, Иран және Германия елдері. Бұл өте маңызды – өнім тізбесі, ол тамақ өнімі бойынша 167 позицияны және өнеркәсіп өнімі бойынша 67 позицияны қамтиды. 
 

Ол бойынша мемлекеттердің техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелеріне шолулар, сондай-ақ осы нарықтарға шығу үшін өнімнің барлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету алгоритмдері дайындалды. GLP, органика, GLOBALG.A.P., халал сияқты бағыттарда Германия, Англия мен Түркия жетекші сарапшыларымен бірегей кездесулер ұйымдастырылды. Samsung Electronics, Samsung Engineering, Hyundai мен KIA Motors, LG Electronics үшін ұлттық сапа стратегиясын әзірлеген профессор Ван Сеон Шин шақырылды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 


Бұдан басқа, отандық өндірушілер үшін оқыту семинарлар циклі іске қосылған екен. Онда сауда амалдары мен экспорт алгоритмі түсіндіріледі. 
 

Өзгелердің жаңалығы