Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.
Көпшілік адамда әлі де COVID-19-ға қарсы вакциналар COVID-19 ауруын тудырады деген қорқыныш бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек COVID-19 вакцинадан кейін COVID-19 ауруымен ауырта алмайды, - деді дәрігер Орталық коммунациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол атап өткендей, кез келген вакцина сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналар да жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Оларда көпшілігі жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді.
Мамандар жүргізіп отырған мониторингке сәйкес Қазақстанда күтілетін реакциялар 0,3 пайызды құрайды. Сондай-ақ 57 пайызы жалпы реакциялар, 43 пайызы жергілікті реакцияларды құрап отыр, - деп түсіндірді Манар Смағұл.
Еске сала кетейік, бүгінгі күні елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, ШҚО, СҚО, Алматы және Ақтөбе облыстары кіреді. «Жасыл» аймақта Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстары тұр.