Әлі анықталмады. Марат Қожаев мектепте зорланған баланың ісі жайлы

3 Қазан 2023, 12:15
2104
Бөлісу:
Әлі анықталмады. Марат Қожаев мектепте зорланған баланың ісі жайлы
Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкімет баспасөзінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 7 жасар зорланған баланың ісіне қатысты түсініктеме берді , деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Марат Қожаев қылмыстық істің бақылауда екенін айтты, Бірақ күдікті әлі анықталмаған.

Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Мен тергеуге қатысты түсінік бере алмаймын. Тергеу қорытындысын күтейік. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді министрдің бірінші орынбасары.

Еске сала кетсек, Алматы халықаралық мектебінде 1-сынып оқушысына зорлық көрсетілгені туралы жазба тараған еді.

Өзгелердің жаңалығы