Жарма ауданында алғаш рет көкпардан Абай облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа Семей қаласы, Абай, Жарма, Ақсуат, Бородулиха, Көкпекті, Аягөз, Үржар, Мақаншы, Жаңасемей аудандарынан 10 команда бақ сынасты.
Ашылу салтанатына облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов пен Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды – Жарма ауданы, 2 орынды – Бородулиха ауданы, 3 орынды – Мақаншы ауданы иеленді.
Айта кетейік, жеңіске жеткен команда 20-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.