Әлеуметтік желілерде жастар «Домбыра тартайық!» челленджін бастады

12 Қазан 2022, 16:52
1486
Бөлісу:
Әлеуметтік желілерде жастар «Домбыра тартайық!» челленджін бастады

12 қазан күні «Жастар Рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желілерде  «Домбыра тартайық!» челленджін бастады. Челленджді республика бойынша «Жастар Рухы» ЖҚ Алматы қалалық филиалы бірінші болып қабыл алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық музыкалық аспабымыз домбыраны әлеуметтік желілерде насихаттаудың жаңаша форматы ретінде «Домбыра тартайық!» челленджін қабылдадық. Челенджге қатысушылардың міндеті – ең көне музыкалық аспапты халық арасында мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де өзекті ету,  – деді  «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.

Маңызы: Домбыра – музыкалық мәдениетіміздің басты белгісі. Халық өзінің салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын, қуанышы мен қайғысын ұлттық аспап арқылы жеткізген. Бұл қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы. Аспап еліміздің барлық этностарының басын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейді.

Мақсаты: Челлендж қазіргі заманғы өңделген музыка арқылы домбыраны халық арасында танымал ету мақсатында іске қосылды.

Алматы қаласы «Жастар Рухы» Жастар қанаты « Домбыра тартайық» атты челленджді қабыл алып, барша қаланың белсенді жастарына жолдайды.

Өзгелердің жаңалығы